Exchange ActiveSync ұялы құрылғылар серверін орнату

Exchange ActiveSync Ұялы құрылғы сервері Microsoft Exchange сервері орнатылған клиент құрылғысына орнатылады. Exchange ActiveSync Ұялы құрылғы серверін Microsoft Exchange серверіне Client Access рөлімен орнату ұсынылады. Егер бір доменде Client Access рөлі бар бірнеше Microsoft Exchange сервері массивке (Client Access Array) біріктірілсе, онда массивтегі әрбір Microsoft Exchange серверіне кластер режимінде Exchange ActiveSync Ұялы құрылғы серверін орнату ұсынылады.

Жергілікті құрылғыда Exchange ActiveSync Ұялы құрылғы серверін орнату үшін:

  1. setup.exe орындалатын файлын іске қосыңыз.

    Орнату үшін "Лаборатория Касперского" бағдарламалары таңдалатын терезе ашылады.

  2. Exchange ActiveSync ұялы құрылғылар серверін орнату сілтемесі бойынша бағдарламалар таңдауы бар терезеде, Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін орнату шеберін іске қосыңыз.
  3. Орнату параметрлері терезесінде Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін орнату түрін таңдаңыз:
    • Әдепкі бойынша параметрлерді қолдану арқылы Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін орнатқыңыз келсе, Стандартты орнату нұсқасын таңдап, Келесі түймесін басыңыз.
    • Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін орнату параметрлерінің мәндерін қолмен белгілегіңіз келсе, Кеңейтілген орнату нұсқасын таңдап, Келесі түймесін басыңыз. Содан кейін, келесі әрекеттерді орындаңыз:
      1. Мақсатты қалта терезесінде мақсатты қалтаны таңдаңыз. Әдепкі бойынша, бұл <Диск>:\Program Files\Kaspersky Lab\Mobile Device Management for Exchange. Мұндай қалта болмаса, ол орнату барысында автоматты түрде жасалады. Сіз мақсатты қалтаны Шолу түймесі арқылы өзгерте аласыз.
      2. Орнату режимі терезесінде Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін орнату режимін таңдаңыз: әдеттегі режим немесе кластер режимі.
      3. Есептік жазбаны таңдау терезесінде ұялы құрылғыларды басқару үшін пайдаланылатын есептік жазбаны таңдаңыз:
        • Есептік жазбаны және рөлдік топты автоматты түрде жасау. Есептік жазба автоматты түрде жасалады.
        • Есептік жазбаны көрсету. Есептік жазбаны қолмен таңдау керек. Есептік жазбасы пайдаланылатын пайдаланушыны таңдау үшін Шолу түймесін басыңыз және құпиясөзді көрсетіңіз. Таңдалған пайдаланушы ActiveSync арқылы ұялы құрылғыларды басқару құқығымен топқа кіруі керек.
      4. IIS конфигурациялау терезесінде Internet Information Services (IIS) веб-сервері параметрлерін автоматты түрде конфигурациялауға рұқсат беріңіз немесе тыйым салыңыз.

        IIS параметрлерін автоматты түрде конфигурациялауға тыйым салсаңыз, PowerShell виртуалды директориясы үшін IIS параметрлерінде "Windows authentication" түпнұсқалық растама механизмін қолмен қосыңыз. Егер "Windows authentication" түпнұсқалық растама механизмі қосылмаса, орнатылған Exchange ActiveSync Ұялы құрылғы сервері жұмысқа жарамсыз. IIS параметрлерімен жұмыс істеу туралы ақпаратты осы веб-сервердің құжаттамасынан оқуға болады.

      5. Келесі түймесін басыңыз.
  4. Ашылған терезеде Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін орнату параметрлерінің мәндерін тексеріп, Орнату түймесін басыңыз.

Шебердің жұмысы нәтижесінде, Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар сервері жергілікті құрылғыға орнатылады. Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар сервері консоль ағашының Ұялы құрылғыларды басқару қалтасында көрсетіледі.

Басына оралу